qaz
Ы.Алтынсарин ҰБА президенті Мадина Тыныбаева Назарбаев Университетінде қонақ дәріскер ретінде баяндама жасады
Ы.Алтынсарин ҰБА президенті Мадина Тыныбаева Назарбаев Университетінде «Білім берудегі көшбасшылық» мамандығының магистранттарына қонақ дәріскер ретінде баяндама жасады. Мадина Ағланқызы дәріс тыңдаушыларына Қазақстандағы орта білім берудің мақсаттары, мазмұны мен перспективалары, сондай-ақ Алтынсарин академиясының қазақстандық білім берудегі рөлі туралы айтып берді.