qaz
Академия халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында секциялық отырыс өткізді

Қостанай қаласында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция аясында өткен 5 секциялық отырыстың барлығында Академия ғалымдары баяндама жасады.

Соның ішінде «Менің педагогикалық тәжірибиемдегі Ыбырай Алтынсариннің идеялары» секциялық отырысын Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы ұйымдастырды.

Сондай-ақ Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық мұралары, педагогикалық ғылым және білімдегі өзекті сұрақтар мен мәселелер, ұлттық білім беру жүйесіндегі жаңа бағыттар, еліміздің білім беру саласындағы инновациялар және әлемдік тәжірибе тақырыптарында секция отырыстары ұйымдастырылып, көтерілген мәселелер бойынша талқылаулар өтті.

Отырыстардың жұмысы аралас форматта (дәстүрлі түрде және қашықтан) жүргізілді.