Климаттың өзгеруі мен экология тақырыбындағы оқыту семинарына 20 өңірдің әдіскерлері қатысты

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы және Қазақстандағы ЮНИСЕФ-тің өкілдігі бірлесіп еліміздің 20 өңірінің әдіскерлері үшін Климат пен экологияның өзгеруі мәселелеріне арналған семинар ұйымдастырды. Семинар климат пен экологияның өзгеруі мәселелерін білім беру мазмұнына кіріктіру жобасы аясында өткізілді.

Іс-шараның мақсаты – климаттың өзгеруі бойынша білім беру әлеуетін арттыру (КӨББ), стратегияларды зерттеу және келесі қадамдар мен оларды ілгерілету жолдарын анықтау үшін оқу бағдарламаларын қайта қарау.

Семинарда жаһандық күн тәртібіндегі Климаттың өзгеруі бойынша білім беру мәселесі қаралды және қатысушылар аталған саланың басты ұғымдары және терминологиясымен танысты. Қазақстандағы Климаттың өзгеруі бойынша білім беру мәселесін топпен талқылады және осы жағдайға талдау жүргізді. Сондай-ақ еліміздің мектептерінде қолданылуы мүмкін оқыту түрлері де ұсынылды.