Ұлттық білім академиясының вице-президенті тағайындалды

Арсен Байтуков Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының вице-президенті лауазымына тағайындалды.

Арсен Байтуков 1985 жылы Қарағанды қаласында инженерлер отбасында дүниеге келген. 2003 жылы Қарағанды облыстық «Дарын» мамандандырылған мектеп-интернатын үздік тәмамдап, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің физика факультетіне оқуға түсіп, физика бакалавры және техникалық физика магистрі дәрежесін алды.

Еңбек жолын Қарағанды қаласының «Дарын» мектебінде физика пәнінің мұғалімі болып бастаған. Он жылға жуық уақыт бойы Назарбаев Зияткерлік мектептерінде физика пәнінің мұғалімі, кейін мектеп директоры қызметін атқарды.

Соңғы жылдары еліміздің орта білім беру жүйесін дамытуға белсенді атсалысып, IQanat High School of Burabay және бірқатар халықаралық мектептерді құруға өз үлесін қосты. Сонымен қатар Ташкент қаласында «International Talent Academy» Халықаралық Бакалавриат мектебінің бас директоры қызметін атқарды.