
Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері Қуандық Момынғазыұлы Тайболатовты «8D01101 – Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтаймыз!
Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ректорының 2025 жылғы 18 маусымдағы №1253-п бұйрығына сәйкес, Қуандық Момынғазыұлының «Психолого-педагогическое сопровождение развития эмоционального интеллекта обучающихся средней общеобразовательной школы» тақырыбында ғылыми-зерттеу еңбегін қорғауы – оның білім мен ғылым саласындағы табанды еңбегінің жемісі.
Алтынсарин академиясының ұжым атынан Қуандық Тайболатовқа алдағы уақытта да жоғары жетістіктерге жетуіне тілектеспіз! Оның ғылыми ізденістері мен табыстары еліміздің педагогика және психология ғылымы үшін маңызды әрі пайдалы боларына кәміл сенеміз.
Жеңісіңіз құтты болсын!