«Тілге бойлау» жобасы талқыланды

2025 жылғы 20-маусымда Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Орта білім мазмұны институты «Тілге бойлау: тәжірибе және нәтиже» атты ғылыми-тәжірибелік дөңгелек үстел ұйымдастырды.

«Тілге бойлау» жобасы 2024-2025 оқу жылынан бастап ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен пилоттық негізде республика бойынша 20-ға жуық жалпы білім беру ұйымдарында жүзеге асырылуда.

Онлайн іс-шарада «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ «Білім беру бағдарламалары орталығы» «Қазақ тіліне бойлату» жобасының үйлестірушісі Ж.Кажыгали жобаның жалпы табиғаты мен апробация нәтижелері туралы жан-жақты баяндады. Сондай-ақ еліміздегі «Тілге бойлау» моделі М.Жадринаның идеясынан бастау алатынын да тілге тиек етті.

Жиынға қатысқан спикерлер жобаны іске асыру тәжірибесі, тілдік орта қалыптастыру жолдары мен тиімді әдіс-тәсілдер туралы сөз сөйледі.

Басқосуға Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері, ғалымдар, өңірлік білім басқармаларының әдіскерлері мен бастауыш сынып педагогтері қатысты.