Цифрлық педагог даярлау: ЖИ құралдарын білімге енгізу мәселесі талқыланды

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Назипа Аюбаева Астанадағы Халықаралық университеттің президенті Серік Ирсалиев және ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитеті төрағасының орынбасары Жомарт Карамбаевпен кездесті.

Жиын барысында педагогтерді білім беру процесінде жасанды интеллект құралдарын қолдана алатын құзыретті маман ретінде даярлау мәселелері талқыланды.

Серік Ирсалиев ЖИ-құзыреттерді қалыптастыруға арналған білім беру бағдарламаларын әзірлеудегі Ұлттық академияның стратегиялық рөлін атап өтті.

Жомарт Карамбаев ЖИ-ді оқу үдерісіне енгізу бір реттік эксперимент емес, оқытудың жаңа жүйелі тәсілдеріне тән болуы керектігін жеткізді.

Тараптар әдістемелік материалдар әзірлеу, пилоттық жобаларды іске асыру және ЖИ-ді мектеп пен педагогикалық білімге енгізу бойынша сараптамалық қолдау көрсету сияқты бірлескен жұмыс механизмдеріне тоқталды. Мұндай бастамалар білім мазмұнын жаңғыртуға, мұғалімдердің кәсіби әлеуетін арттыруға және оқушылар үшін сапалы білім алуға жаңа мүмкіндіктер ашуға ықпал етеді.

Диалог алаңдары білім беру жүйесін жаңа деңгейге шығаратын ынтымақтастықты нығайтудың нақты қадамдары болып табылады.