«100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР»

Бізде жаңа айдар – еліміздегі ғасырлық тарихы бар білім ордалары туралы!

Бүгін «Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» туралы айтамыз.

Бұл мектеп – қазақ даласындағы алғашқы оқу орындарының бірі. 1841 жылы Бөкей Ордасында Жәңгір ханның бастамасымен ашылған. Ол өз заманында білімнің маңызын терең түсініп, балаларға заманауи және дәстүрлі білім беруді мақсат етті. Мектепте бірнеше тілді меңгеру, жаратылыстану, тарих, география сияқты пәндермен қатар діни білім де берілді. Мұнда еліміздің болашақ көрнекті қайраткерлері мен ғалымдары тәрбиеленіп шықты.

«Жәңгір хан атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Хан Ордасы ауылында орналасқан.