
2–3 шілде күндері Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Стратегия және талдау орталығының бас сарапшысы Абильякоимова Аида APCEIU және ЮНЕСКО ұйымдастырған «Evaluation and Assessment for Transformative Education: Towards and Beyond 2030» атты халықаралық сараптамалық кездесуге қатысты.
Кездесу барысында цифрландыру мен жасанды интеллектінің қарқынды даму жағдайында білім берудегі бағалау жүйесін өзгерту мәселелері талқыланды. Қатысушы елдер білім алушылардың тек білімін ғана емес, сонымен қатар креативтілік, эмпатия және жаһандық азаматтық сияқты қабілеттерін де дамытуды көздейтін трансформативті бағалау тәжірибелерімен бөлісті.
Қатысушы елдердің қатарында – Корея, Сингапур, Вьетнам, Канада, Жапония, Иран, Бангладеш және басқалар болды.
Мұндай халықаралық алаңдарға қатысу Академияға әлемдік үрдістермен үндес, ұлттық басымдықтарға сай келетін заманауи білім саясатын қалыптастыруға мүмкіндік береді.