Ы. Алтынсарин атындағы ҰБА мен Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ арасындағы ғылыми ынтымақтастық

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының Ауыл мектептері және шағын жинақты мектептерді дамыту орталығының жетекші ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының кандидаты Мұқушева Алмагүл Наурызбайқызы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің диссертациялық кеңесіне уақытша мүше ретінде шақырылды. Ол «Қазақ және ағылшын мәтіндеріндегі «ұят» ұғымы» тақырыбында философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алу үшін ұсынылған диссертация қорғауына қатысты.

«Бүгінгі ғылыми басқосуда ұсынылған зерттеу нәтижелері, соның ішінде «Ұят», «Ар», «Ұждан», «Ұлттық код», «Ұлттық бренд» ұғымдарына негізделген ғылыми еңбектердің тәрбиелік маңызы ерекше. Мұндай зерттеулерді білім беру жүйесіне енгізу, әсіресе ауыл мектептерінде оқушыларға кәсіпкерлік дағдыларын үйрету мен ұлттық құндылықтарды дәріптеу бағытында пайдалану — жас ұрпақтың бойында отансүйгіштік пен елге адал қызмет ету қасиеттерін қалыптастыруға ықпал етеді. Дәл осы секілді мазмұнды, терең зерттелген диссертациялық жұмыстар білім саласының дамуына жаңа серпін беріп, теория мен практиканы ұштастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан ғалымдар ғылыми еңбектерін тәжірибеге енгізудің тиімді жолдарын қарастырып, олардың қоғам игілігіне қызмет етуін қамтамасыз етуге баса мән беруі қажет деп санаймын»,-деді Алмагүл Мұқушева.