FUTURE CLASSROOM LAB: ҚАЗАҚСТАН МЕКТЕБІНДЕ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ОҚЫТУҒА ҚАДАМ

Future Classroom Lab (FCL) өкілдерімен онлайн кездесу өтті. Бұл Брюссельдегі European Schoolnet ұйымы құрған инновациялық білім беру зертханасы. Кездесу барысында қазақстандық педагогтердің вебинарларына, семинарларына және біліктілікті арттыру курстарына қатысу мәселесі талқыланды.

Бұл кездесу 2025 жылғы сәуір-мамыр айларында BR21882231 ғылыми бағдарламасы аясында Астана қаласындағы №1 арнайы мектеп-интернаты базасында FCL моделін сынақтан өткізуге байланысты ұйымдастырылды.

Осы жасалып жатқан жұмыстар – технологияларды қолдану мен оқу ортасын түрлендіру арқылы оқытудың жаңа тәсілдерін енгізуге жасалған алғашқы қадам.

Future Classroom Lab дегеніміз не?

FCL — он жылдан астам бұрын құрылған, педагогтерге технологиялардың, оқу кеңістігінің және оқыту әдістерінің рөлін қайта қарауға көмектесетін бірегей білім беру кеңістігі.

Зертхана:

мұғалімдер мен мектеп басшыларына оқу үдерісіне жаңашылдықтарды енгізуге арналған практикалық ұсынымдар, оқу сценарийлері мен бейнематериалдарды;

білім саясатын жасаушыларға Еуропа мектептеріндегі пилоттық жобалардан алынған деректер мен сабақтарды;

барлық мүдделі тараптарға әртүрлі оқушылар тобына арналған оқыту тәжірибесі мен инновациялық шешімдерге қол жеткізу мүмкіндігін ұсынады.