100 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР МЕКТЕПТЕР

Бізде жаңа айдар – еліміздегі ғасырлық тарихы бар білім ордалары туралы!

Бүгін Қостанай облысындағы еліміздің ең көне оқу орындарының бірі – Ы. Алтынсарин атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернаты туралы айтып береміз.

1882 жылы Қостанайда мектеп құрылысы басталып, 1884 жылы Троицкіден орыс-қазақ училищесі көшірілді. Кейін педагогикалық интернатқа айналып, мұғалімдер даярлады.

1960 жылы Ыбырай Алтынсарин есімі берілді. 1992 жылы лицей, 2000 жылы дарынды балаларға арналған мектеп-интернат, 2022 жылы гимназия мәртебесін алды.