
Бүгін Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында Ғылыми кеңестің кезекті мәжілісі өтті.
Отырыс барысында бірнеше мәселе қаралды. Кеңес мүшелері 2023–2025 жылдарға арналған жас ғалымдардың гранттық жобалары мен нысаналы-бағдарламалық қаржыландыру жобалары бойынша қорытынды есептерді тыңдады. Сондай-ақ осы жобалар аясында дайындалған монографиялар мен әдістемелік ұсынымдар талқыланды.
Мәжілісте білім беру жүйесінде жасанды интеллектіні қолданудың этикалық стандарттары, нұсқаулығы және үлгілік қағидалары туралы да сөз болды.
Ғылыми жобалар мен бағдарламалардың жетекшілері және орындаушылары өз жұмыстарын таныстырды. Олар атқарылған жұмыстар бойынша өз ұсыныстары мен тілектерін ортаға салды.
Отырыс соңында Ғылыми кеңес мүшелері хаттамалық шешімдер қабылдады.