Ағымдағы жылдың 27 қарашасында Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында кезекті Ғылыми кеңес отырысы өтті.
Кеңестің күн тәртібінде 2025 жылы Академияның мерзімді басылымдарын шығару, Академияның халықаралық ынтымақтастық бағытындағы жұмыстары және әртүрлі мәселелер қаралды. Алқалы мәжілісте Кеңес мүшелері алдағы жылға Академия қызметінің негізгі ғылыми басымдықтарын, цифрландыру, серіктестікті кеңейту және ғылыми өнімдердің сапасын арттыру мәселелерін талқылады.
Сонымен қатар отырыста AR26198921 ғылыми жобасы аясында әзірленген «3D-кеңістіктік жасанды интеллектіні (Spatial AI) және VR технологияларын қашықтан оқытуда пайдалану тұжырымдамасы» және «Үздік ғылыми қызметкер – 2025» жыл сайынғы сыйлығына ұсынылған үміткерлердің материалдары қарастырылды.
Ғылыми кеңес қорытындысы бойынша хаттамалық шешім қабылданып, нақты ұсыныстар берілді.