2025 жылғы 22–23 қараша күндері Алматы қаласында №218 «Келешек» жалпы білім беретін мектебі базасында робототехника мен STEM бағыттары бойынша ең ірі өңірлік чемпионаттардың бірі — Almaty FIRST Regional 2025 сәтті өтті. Екі күн бойы бұл алаңша жас инженерлер мен зерттеушілерді, менторларды, қазыларды және мыңдаған қонақты біріктірді. Чемпионаттың ұйымдастырушылары: Алматы қаласы Білім басқармасы, «Алматы дарыны» дарынды балалар мен талантты жастарды анықтау және қолдау орталығы және USTEM Foundation қоғамдық қоры.
Сайыс төрт бағыт бойынша өтті: FIRST LEGO League Discover, Explore, Challenge және FIRST Tech Challenge. Бұл бағдарламалар балалар мен жасөспірімдердің инженерлік ойлауын, зерттеу дағдыларын, командамен жұмыс істеу қабілетін, жобалау және технологиялық шығармашылығын дамытуға бағытталған.
2025–2026 жылғы маусымның тақырыбы археологияға негізделген. Қатысушылар көне артефактілер мен мәдени мұра элементтерін зерттеп, тарихи нысандардың робототехникалық үлгілерін әзірледі және археология идеяларынан шабыттанған инженерлік тапсырмаларды орындады. Қазылар алқасының құрамында археология саласының сарапшылары мен профессорлары болды, бұл жобаларды бағалауға ғылыми тереңдік беріп, чемпионаттың білім беру мәнін күшейтті.
FIRST LEGO League Explore нәтижелері:
* Champion’s Award Winner — Alem Innovators
(Алматы қаласы Білім басқармасының ГККП «Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығы»)
* Champion’s Award Finalist — Ainalaiyn
(LEAS білім беру орталығы)
FIRST LEGO League Challenge нәтижелері:
* Champion’s Award Winner — FIZTEX
(FIZTEX SCHOOL)
* Champion’s Award Finalist — KazBots
(Алматы қаласы Білім басқармасының ГККП «Оқушылардың инновациялық шығармашылығы орталығы»)
FIRST Tech Challenge нәтижелері:
* Inspire Award Winner — SANA team
(Алматы қаласы Білім басқармасының «Білім-Инновация» мамандандырылған лицей-интернаты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі)
* Inspire Award 2nd Place, Winning Alliance Captain — KAP
(Алматы политехникалық колледжі)
* Inspire Award 3rd Place — Panheya
(Алматы қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі, физика-математика бағыты)
* Winning Alliance Partner — TuganJer
(Алматы политехникалық колледжі)