26–27 қаңтарда Әзербайжан Республикасының Баку қаласында «STEAM 8: білім берудегі жасанды интеллект пен құндылықтардың синергиясы» атты VIII Халықаралық симпозиум өтті.
Оған Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының аға ғылыми қызметкері, «3D кеңістік жасанды интеллектті және VR қолданатын қашықтан оқытуды жобалау мен жүзеге асырудың әдіснамасы» гранттық қаржыландыру жобасының орындаушысы Нұрғалиева Айгерім Ақметжанқызы қатысты.
Жобаның ғылыми жетекшісі - профессор Мукашева Манаргүл Өмірзаққызы.
Симпозиум Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Түркия және Әзербайжан елдерінен келген педагогтер мен ғалымдарды біріктіріп, білім беру жүйесіне жасанды интеллектіні енгізу, STEAM-тәсілдерді дамыту және құндылыққа бағдарланған білім беру ортасын қалыптастыру мәселелерін талқылайтын халықаралық алаңға айналды.