«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының мақсаты: ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі білім сапасын көтеруді ғылыми-әдістемелік, оқу-әдістемелік қамтамасыз ету.
«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының міндеттері:
1) ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі білім сапасына және оқыту процесіне жүйелі мониторинг жүргізу;
2) ШЖМ-дағы біріктірілген сыныптар жағдайында оқытуды ғылыми- әдістемелік тұрғыда сүйемелдеу;
3) ауыл мектебі мен қала мектебі білім сапасы арасындағы алшақты жою бойынша ұсынымдар әзірлеу;
4) ауыл мектептері мен шағын жинақты мектептердегі оқу процесін ұйымдастыру бойынша озық тәжірибелерді зерделеу, сипаттау және тарату.
«Ауыл мектептерін және шағын жинақты мектептерді дамыту» зертханасының бағыттары:
1) ғылыми-әдістемелік;
2) оқу-әдістемелік;
3) ақпараттық талдау және диагностикалық;
4) ұйымдастырушылық-әдістемелік.